Өткізілетін іс-шаралар

21.10.2024
Қазақстан Республикасының Күні

23 қазанда «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» КМҚК Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында музей басшысы Г.Ж.Бейсенғалиева қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының, «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» басшысының Құрмет грамоталарын табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен бірге зейнеткерлікке шыққан қызметшілер де назардан тыс қалмады. Көпжылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Музей қызметкерлері, Долинка кентінің мәдениет үйі мен № 6505 ӘБ 2- батальон өкілдері өз өнерлерін ортаға салды.

> Толығырақ
31.05.2024
Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіндегі ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары.

2024 жылғы 31 мамырда Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» КМҚК саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихын ғылыми зерттеудің мәселелері мен тиімділігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға ҚР жетекші тарихшыларының баяндамалары тыңдалды: Валерия Викторовна Козина - тарих ғылымдарының докторы, академик Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Светлана Викторовна Елеуханова - тарих ғылымдарының кандидаты, академик Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы және ҚҒА кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова - археология, этнология және ұлттық тарих кафедрасының профессоры-зерттеуші, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің этномәдениет және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының директоры.

Анар Мырзағалиқызы Смағұлова

Алматы қаласының Ш.У.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының ішкі байланыс және дүниежүзілік тарих бөлімінің ғылыми қызметкері

Айнагуль Есимсеитовна Даниярова

Тарих ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университеті КАҚ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті.

Ботакөз Орынбекқызы Нұрқұлова

Аға ғылыми қызметкер, Шымкент қаласының саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінің тарих магистрі.

Конференция барысында ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары мен ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеудің тетіктерін пайдалану тиімділігі мен проблемаларды шешу жолдары қаралды.

 

 

> Толығырақ