Музейный урок «Историческая память: репрессии и наследие Алихана Букейханова»
2026 жылғы 4 наурызда «Жартас жалпы орта мектебі» КММ-де көрнекті қоғам және мемлекет қайраткеріне арналған «Тарихи жады: репрессиялар және Әлихан Бөкейхановтың мұрасы» атты музейлік сабақ өтті. Сабақты Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің ғылыми қызметкерлері өткізді.
Кездесу барысында оқушылар Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы мазмұнды бейнематериалды тамашалап, музей қорындағы оның қоғамдық және саяси қызметін айғақтайтын архивтік құжаттардың көшірмелерімен, сондай-ақ отбасы мүшелерінің фотосуреттерімен танысты.
Мектеп оқушыларына алғаш рет ұсынылған «Карлаг: зерттейміз, есте сақтау үшін» атты интерактивті жұмыс дәптерінің таныстырылымы ерекше қызығушылық тудырды. Аталған интерактив тарихи қасіретті кезеңдерді тереңірек түсінуге және саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін ұмытпай, жадымызда сақтауға мүмкіндік береді.
> Толығырақ