«Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты дөңгелек үстел

2024 жылғы 01 наурызда Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде  Алғыс айту күні этностардың бір-біріне және қазақ халқына деген ортақ тарихи жадының көрінісіне айналған тақырыптық іс-шара өтті. . Қазақстан Республикасында тұратын этностардың ортақ тарихи тағдыры этносаралық қатынастарды нығайтуға ықпал ететін ортақ құндылықтар мен мұраттарды қалыптастырды. Бұл күннің басты оқиғаларының бірі - қазақ халқының біріктіруші рөлі бар Қазақстан халқының азаматтық, рухани және мәдени қоғамдастығын құруға бағытталған «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі» атты дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелді қиын сынақ жылдарындағы имандылық пен руханияттың салтанат құруын еске алу біріктірді.


Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: