23 қазанда «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» КМҚК Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара өтті.
Шара барысында музей басшысы Г.Ж.Бейсенғалиева қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының, «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» басшысының Құрмет грамоталарын табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен бірге зейнеткерлікке шыққан қызметшілер де назардан тыс қалмады. Көпжылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Музей қызметкерлері, Долинка кентінің мәдениет үйі мен № 6505 ӘБ 2- батальон өкілдері өз өнерлерін ортаға салды.