Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» КМҚК жыл сайын 18 мамырда, халықаралық «Музейдегі түн» акциясы өткізіледі.
Музейдің алаңында келушілерді үрмелі оркестр, ретро-автомобильдер және Карлаг дәуірінен қалған тұрмыстық заттар көрмесі қарсы алады. Әуесқой түсірілімшілерге көптеген фотолокациялар әзірленді. Тақырыптық концерттік бағдарлама өткізіледі.
Әр көрме залында Карлаг тұтқындарының өміріндегі сәттер ойнатылады, қуғын-сүргінге ұшырағандардың естеліктерінен ең жарқын, ұмытылмас эпизодтарға жан бітіріп, театрландырылады.
Тарихи ақпарат көрерменге заманауи технологияларды қолдану арқылы беріледі.