2025 жылғы 12 шілдеде Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне Франциядан келген журналист Мадек Манон келді. Экскурсия барысында музейдің жалпы тарихты қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Турлубекова Анна Николаевна журналисті музей экспозициясымен таныстырып, 1930–1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тарихы мен Долинка кентінің тарихи нысандары туралы ағылшын тілінде әңгімелеп берді.
Экскурсиядан кейін музейдің конференц-залында журналист пен музейдің ғылыми кеңесі арасында сұхбат өтті. Ғылыми кеңестің құрамында музей директорының орынбасары Дребезгов Андрей Сергеевич, жалпы тарихты қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкерлері Турлубекова Анна Николаевна мен Кондрашов Иван Евгеньевич болды. Сұхбат барысында музейдің құрылу тарихы, көрмелердің дамуы, келушілер, жергілікті қауымдастықтармен байланыс және басқа да тақырыптар қозғалды.