«ЕСТЕЛІККЕ ТОЛЫ УАҚЫТ» көшпелі көрмесі

30 қыркүйек күні музей қызметкерлері Халықаралық қарттар күніне орай "Қарағанды облысы Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де қарт адамдар арасында тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында «Естелікке толы уақыт» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге 30-50 жылдардағы экспонаттар қойылды. Тыңдаушылар арасында қуғын-сүргінге ұшырағандардың көптеген ұрпақтары болды. Іс-шараға қатысушылар музей қызметкерлеріне естеліктерімен бөлісіп, терең ризашылықтарын білдірді.

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: