Мәдени ынтымақтастық: репрессия туралы музей диалогы

2024 жылғы 01 қазанда «Долинка кентіндегі саяси қуғын - сүргін құрбандарын есте  сқтау музейі» КМҚК Сергей Петрович Солодовников бастаған Астана қаласы әкімдігінің «Біріккен музейлер дирекциясы» МКҚК өкілдері  мен осы кәсіпорынның орынбасары – Самат Ілиясұлы Тергембаев және «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінің қызметкерлері келді. Сапар барысында Долинка кентіндегі музейдің экспозициялық залдары бойынша экскурсия өткізілді, содан кейін қонақтар алынған ақпарат, көрмеге қойылған фотосуреттер мен құжаттар туралы өз әсерлерімен бөлісті. Әңгімелесу барысында екі тарап үшін де қызығушылық тудыратын материалдарды іздестіруде бірлескен ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және өзара көмек туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: