2024 жылғы 20 қарашада Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің қызметкерлері «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемориалдық кешеніне және Қазақстанның Ұлттық музейіне барды. Бұл күні музей ұжымы мәдени оқиғалардың, көрмелер мен іс-шараларға қатысып, өз әсерлерін талқылап, тәжірибе алмасты.
Сапар нәтижесінде ұлттың мәдени-тарихи мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға, сондай-ақ музейлер арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара ынтымақтастық мәселелері қаралды.