Гоголь атындағы ғылыми кітапхананың 90 жылдығына арналған халықаралық конференция аясында Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде көшпелі экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері тоталитаризм жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін туралы айтып, осы тарихи кезеңге байланысты сирек кездесетін жәдігерлерді көрсетті.
Қонақтарға арналған экскурсия өте қызықты және танымдық болды. Сол кездердегі адам төзгісіз жағдайларда тұтқындарды түрмеге қамаудың ауырлығы мен қасіретін көрсететін сирек кездесетін архивтік материалдар мен экспозициялар қонақтарға үлкен әсер қалдырды.