Германия делегациясының музейге сапары

2026 жыл 24 қыркүйек күні Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне ГСБП диктатурасын зерттеу жөніндегі Федералдық қордың ұйымдастыруымен өтіп жатқан арнайы оқу сапары аясында Германиядан жоғары лауазымды делегация келді.

Сапар барысында қонақтар КАРЛАГ тарихымен және музей экспозицияларымен танысып, Қазақстанға жер аударылған немістердің тарихына арналған көрмені тамашалады.

     Қатысушылар үшін КАРЛАГ тарихымен байланысты естелік орындардың бірі – Мамочкино зиратына барудың маңызы зор болды.

        Сапар соңында неміс делегациясы музейге музей және мемориалдық жұмыстарға арналған «Музей и мемориалы» атты кітапты сыйға тартты. Сыйға берілген бұл басылым музей кітапханасының қорын толықтыратын құнды еңбек болмақ.

        Қонақтарға музейге арнайы келіп, КАРЛАГ тарихына қызығушылық танытқаны және музейге құнды кітап сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай кездесулер тарихи жадыны сақтау, әртүрлі елдердің музей және мемориалдық мекемелері арасындағы өзара диалог пен тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал етеді.


Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: