Долинканың тарихи кезеңдері: құрылғанына 115 жыл.
2024 жылғы 10 желтоқсанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде Долинка кентінің құрылғанына 115 жыл толуына арналған «Долинка: исторические вехи» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты: өзіндік қөзқарасты дамыту, туған өлкені зерттеу, Карлагтың тарихи орындарын сақтау қоры ретінде мәдени ақпараттарды қалыптастыру болып табылады. Шараға музейдің басшылығы, Долинка кентінің байырғы тұрғындары: Долинка мектебінің еңбек сіңірген педагогы – Светлана Александровна Хомич, Карлагтың ОЕБ бірінші бөлімшесінің басқармашысы болған – Клименко Геннадий Романович, құрметті ауыл тұрғындары - Комок Тамара Павловна, Терехова Наталья Ивановна, Асхат Айдарұлы Хамзин,
Шахтинск қаласының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі-Евсикова Елена Викторовна, ғылыми қызметкерлер, экскурсия жүргізушілер, аймақтың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел отырысы барысында ауылдың құрылу тарихы, алқаптың тарихи нысандары туралы тақырыптар қозғалды. Музейдің ғылыми қызметкерлері «Долинка-құрылу тарихы», «Долинка медицинасы», «Карлагтың ҰОС жылдарындағы қорғаныс өнеркәсібі» тақырыптары бойынша презентациялық материалдар ұсынды.
Шахтинск қаласының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Е. В. Евсикова Долинка кентінің және өңірдің басқа да елді мекендерінің зерттеу жұмыстары бойынша көрнекі материалдар (архивтік фотосуреттер, 30-50 жылдардағы Карлаг кітапханасынан кітаптар, ақпараттық құралдар) ұсынды.
Кенттің байырғы тұрғындары Карлагтың «Астанасы» болған - Долинка кентінің құрылу тарихы, лагерьде мерзімін өтеген, танымал қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар, тұтқындардың балаларын ұстау жағдайы, 1930-50 жылдар кезеңінде аймақтың ауыл шаруашылығының дамуы туралы жадында сақталған ақпараттармен бөлісті.
Өмір сүру – өрісті кесіп өту емес. Әр өмір сүріп өткен жыл – басқа өткен жылға ұқсамайды, әрқайсысы есте бір таңба қалдырады. Ұрпақтар алмасуда. Уақыт пен адамдар өз тарихын жасайды.Туған өлкені, туған ауылды естен шығармау, оның өткенінен білім алу - халықтың өзін-өзі тануы үшін қажет.
> Толығырақ