«Ұрпақтар сабақтастығы: Слободскийлер отбасының тарихы»

16 қыркүйекте музейде Отбасы күніне орай ТЕЛЕРЕПОРТАЖ-ТЕЛЕКӨПІР өтті. Іс-шара ерекше форматта өткізіліп, музей қабырғасында және онлайн режимде қатар ұйымдастырылды. Кездесу Қазақстан, Ресей және Нидерланд елдерінен қатысушылардың басын қосты.

Шараның құрметті қонақтары – тағдыры кеңестік дәуірдің қасіретті беттерімен және Қарағанды еңбекпен түзеу лагері жүйесімен тығыз байланысты Михаил Иванович Слободскийдің немерелері Ольга мен Елена Слободская болды.

Кездесу барысында қатысушылар Слободскийлер әулетінің тарихына тоқталып, Михаил Ивановичтің өмір жолы мен тағдыры туралы әңгімелесті. Сонымен қатар отбасылық естеліктердің сақталуы және олардың ұрпақтан ұрпаққа қалай жететіні жөнінде ой бөлісті.

Телемост жай ғана кездесу емес, өткен мен бүгінді жалғаған мазмұнды сұхбат алаңына айналды. Заманауи технологиялардың көмегімен мыңдаған шақырым қашықтық еңсеріліп, ортақ тарих пен жады адамдарды қайта тоғыстырды.

Елена Романовна Слободская мен оның отбасына кездесуге қатысып, сенім білдіргені, отбасылық архив материалдарымен бөліскені және Михаил Иванович Слободскийдің өмір тарихын жас ұрпаққа таныстыруға мүмкіндік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 Тарихи жады оны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген кезде ғана өміршең болмақ.

 

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: