Карлаг

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі

«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ» кездесу-диалогы

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 30 қыркүйек күні музейде Еңбек күніне орай «Туған жердің жұмысшы мамандықтары» атты кездесу-диалогы өтті. Кездесуге Долинка кентіндегі №4 жалпы білім беретін мектебінің түлектері мен аспазшы, слесарь, дәнекерлеуші, құтқарушы сияқты жұмысшы мамандықтарды игеріп жатқан Абай көпсалалы колледжінің студенттері шақырылды. Шара барысында студенттер кәсіптік-техникалық білім беру реформаларының маңыздылығы мен мамандықтардың түрлері бойынша жіктелуі туралы білді. Абай көпсалалы колледжінің студенттері таңдаған мамандықтарының болашағы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ «Еңбек: ерлік пен абырой ісі» атты көрме ұйымдастырылп жасақталды. Қонақтар көрме залын аралап болған соң, музейдің экспозициялық залдары бойынша экскурсияға шақырылды.

> Толығырақ
Жадты сақтауға қосқан үлесі үшін - жаңа сканерге алғыс

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі архивтік құжаттарды цифрландыру үшін Bookeye BE5-V3 Basic заманауи планетарлық кітап сканерін сыйға тартқан Слободскийлерге және олардың отбасыларына шын жүректен алғыс білдіреді. Слободскийлер – КарЛАГ-та жазасын өтеп, сол жерде қаза тапқан ақын әрі альпинист Михаил Иванович Слободскийдің ұрпақтары. Олардың тарихи жадыға бейжай қарамандарының арқасында музей бірегей құжаттар, хаттар, фотосуреттер мен жеке куәліктерді сапалы әрі жедел өңдеуге мүмкіндік алды. 

Сондай-ақ, сканерді жеткізген және оны таңдау мен пайдалану бойынша кәсіби кеңестер ұсынған Grandstok компаниясына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Жаңа сканер біз үшін тарихи мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау ісінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Сіздердің бұл игі істеріңіз – мәдени-ағартушылық бастамаларды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін жарқын үлгі болып табылады.

 

 

> Толығырақ
Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі - 1935 жылы сан мыңдаған тұтқындардың күшімен салынған бұрынғы Карлаг басқармасының ғимаратында орналасқан
Музей ғимараты Cталиндік неоклассицизм сәулет үлгісінде салынған, сонымен қатар Соңғы ампир стилі деп те атайды
Ғимарат - Қарағанды облысының тарихи және мәдени ескерткіші деген дәрежеге ие